ҰЛЫ ДАЛА САМАЛЫ МЕН ДӘМІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған бұл ерекше мереке кең ауқымды мәдени-танымдық бағдарламаға толы болды. Жиналғандардың назарына - ашық аспанда қалықтаған түрлі-түсті батпырауықтар мен ұлттық тағамдар көрмесі ұсынылды. Фестиваль аясында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, дәстүрлі өнер мен заманауи музыканың үйлесімі көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.


 

Данияр АРЫНҒАЗИН, Ұлытау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы

 

Ұлытау облысы ашылғаннан бері негізі туристердің сандары жылдан жылға артуда. Әсіресе біздің республикамыздың түкпір-түкпір өңірінен, оңтүстіктен, солтүстіктен, батыстан, шығыстан біздің қазақстан азаматтары келуде.  Енді біздің осындай фестиваль ұйымдастыруымыз - біздің Ұлытау облысының тұрғындарына, Жезқазған  қаласының тұрғындарына осындай біздің сый-құрметіміз

 

Шара барысында қонақтар бауырсақ, қымыз, ет тағамдары сынды қазақтың ұлттық ас мәзірімен танысып, дәм татты. «Ұлы Дала Самалы» атауы еркіндікті, рух биіктігін сезіндірсе, «Ұлы Дала Дәмі» – қазақтың бай дастарханын, қонақжайлығын паш етті.


 

Райхан ХАМЗИНА қала тұрғыны

 

Ұйымдастырушыларға мың да бір рақмет! Балаларымыздың көңілінен шығып жатыр. Ән болып жатыр мына мерекеге өте жақсы. Атмосфера тамаша деймін.  Мұндай көп іс-шаралар бола берсін енді қаламызда. Қаламыз көркейе берсін, заманымыз тыныш болсын.

 

Сондай-ақ, фестивалге белсене қатысып, шараның сәтті өтуіне қосқан үлесі үшін еріктілерге Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан алғыс хаттары табысталды.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ,  ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу