ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Ulytautv 08-июл, 14:08 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Сапар спортшыларға арналған жаңа спорт кешенінен басталды. Мұнда ескек есу спорт түріне бейімделген заманауи база салынып жатыр. Құрылыс белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Дегенмен, облыс басшысы нысан сапасына ерекше назар аудару қажеттігін ескертіп, Жезқазған-спорттық әлеуеті жоғары қала, сондықтан болашақ чемпиондардың жаттығуына лайықты жағдай жасалуы тиіс деді.
Жұмыс сапары әрі қарай Алашахан даңғылы бойында бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің алаңында жалғасты. Бұл жобалар өңірдегі баспана тапшылығын азайтуға бағытталған. Құрылыс сапасы мен мерзімі-басты назарда. Аймақ басшысы пәтерлер алдымен тұрғын үй кезегіндегі әлеуметтік осал топтағы жандарға берілуі тиіс екенін атап өтті.
Батыс аудандағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту жұмыстары да бақылауға алынды. Мұнда қазір: Су, кәріз, жылу және электр желілері тартылуда. Әкім бұл аймақты толыққанды өмір сүруге ыңғайлы ету үшін инфрақұрылым қатар дамытылуы керек екенін айтты. Жуық арада мұнда Конгресс-холл, 250 орындық емхана, Оқушылар сарайы мен жаңа мектептің құрылысы басталатыны хабарланды.
Абай БАЙДІЛДӘ «Самға» ЖШС құрылтайшысы
Сапар қорытындысында облыс әкімі барлық құрылыс нысандарына техникалық және авторлық бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс мерзімін сақтау, сапаны арттыру және тұрғындарға қолайсыздық туғызбау міндеттелді.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ