ҰЛЫТАУЛЫҚ ҚҰРАҚШЫЛАР ӘЛЕМДІК РЕКОРДҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Ulytautv 09-июл, 14:43 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Ауқымды жобаның басты мақсаты-ата-бабадан аманат болып жеткен құрақ құрау дәстүрін жаңғыртып,қазақтың төл өнерін әлемге таныту.Әрқайсысы 230х90 см көлемінде дайындалған көрпелерден құралған бірегей композицияның жалпы аумағы-1366,8 шаршы метрді құрады.Бұл құрақ өнері тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік.
Ақмарал САДУАҚАСОВА Ұлытау облысы құрақшыларының көшбасшысы
Аталмыш шараны ұлттық өнер жанашыры, жобаның негізін қалаушы Нұргүл Абайхан ұйымдастырды. Ұлттық болмысты дәріптеген жоба Global Book of Records ұйымының қолдауымен әлемдік рекорд ретінде ресми тіркеліп, қазақ қолөнерінің әлем алдындағы абыройын асқақтатты.Айта кету керек,жобаға 6 жастан 90 жасқа дейінгі шеберлер қатысқан.
Шынар ҚАЖМАҒАНБЕТОВА құрақшы
«Аламан құрақ»-қазақтың қолөнерін халықаралық деңгейге көтерген айтулы бастама.Жоба ұйымдастырушысының айтуынша алдағы уақытта бұл игі дәстүр жаңа,тың форматта жалғасын табатын болады.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЗАТ АУЕХАНОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ