«АУЫЛ» ДЕПУТАТЫ АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАУДА
Ulytautv 09-июл, 15:01 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Бүгінде саяси ұйымның 300 мыңнан астам мүшесі бар. Еліміздің барлық 20 өңірінде филиалдары жұмыс істейді. Алдымен Таңсауле Серіков партия атқарған жұмыстарды тізіп шықты. Депутат аграрлық банк пен азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты заң жобалары «Ауыл» партиясының бастамасымен әзірленгенін атап өтті. Бұл жобалар әзірге талқылау сатысында, заң ретінде әлі қабылданған жоқ. Дегенмен, ең бастысы – бастаманың бар екені, деді ол. Сондай-ақ ол Президенттің тапсырмасына сәйкес ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуына қатысты заң жобасын әзірлеген авторлардың бірі екенін жеткізді.
Таңсауле СЕРІКОВ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі әр өңірде мүгедектігі бар жандарға қолдау орталықтарын ашу керек деген пікірде. Басты мақсат-тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту деді ол. Өз кезегінде, Ауыл партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Гүлназ Омарова аймақтағы қол жеткізген нәтижелерге тоқталды.
Гүлназ ОМАРОВА Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты
Кездесуде Таңсауле СЕРІКОВ ауыл партиясының 25 жылдық мерейтойына орай ауыл дамуына үлес қосқан партия мүшелеріне, жақтастарына және азаматтарға мерекелік медальдар табыстады. Салтанатты түрде партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттер мен төсбелгілерді тапсырды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсауле Серіковтың жұмыс сапары Талап ауылында жалғасты.Онда ол ауыл халқымен кездесіп, тұрғындардың мәселесін тыңдады. Ашық форматта өткен жүздесуде ауыл халқы инфрақұрылымды дамыту, медициналық қызмет сапасы, жолдардың жағдайы, ауыл шаруашылығын қолдау және жастар бастамалары жөнінде сауалдар қойды.
Таңсауле СЕРІКОВ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жолында партия бірқатар маңызды бастамалар көтеріп келеді. Кездесу барысында Таңсауле Серіков шаруаларға төмен пайызбен несие беру, ауызсу мәселесін шешу, инфрақұрылымды жақсарту сынды өзекті мәселелер ұдайы партия назарында екенін айтты.
Таңсауле СЕРІКОВ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Оның қорытындысы бойынша депутат көтерілген мәселелерді бақылауға алып, тиісті мемлекеттік органдарға жолдайтынын айтты. Жиын соңында Талап ауылының бірқатар тұрғыны «Ауыл» партиясының қатарына қабылданды.Соынмен қатар, Таңсауле Серіков аймақтағы басқа да әлеуметтік нысандарды аралап, жағдайды бағамдады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ