ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ӨМІРЗАҚ ОЗҒАНБАЕВ ЖЕЗҚАЗҒАНДА
Ulytautv 09-июл, 15:14 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Жезқазған, Қарсақбай, Жезді мен Ұлытау аудандарын аралап жүрген қоғам қайраткері ел ішіндегі ақсақалдармен ақ жаулықты аналармен жүздесіп, бүгінгі аға буынның жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне ерекше назар аударып келеді. Ардагерлер кеңесімен өткен жиында жастардың тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды сақтап қалу мәселелері кеңінен талқыланды. Қала әкімі де қатысып, жиынды ашып берді.
Қайрат ШАЙЖАНОВ Жезқазған қаласының әкімі
Қазір қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселе – ұрпақ яғни бала тәрбиесі. Бұған ел ертеңін ойлаған әрбір азамат бейжай қарамайтыны анық. Өмірзақ Озғанбаев осы төңіректе ой қозғап, ұлт болашағы үшін үлкендердің сөзі мен ісі бірдей болуы керектігін тілге тиек етті. Бұдан бөлек ол ұлттық болмыс пен дәстүрден алыстамау, ата-бабадан жеткен асыл құндылықтарды сақтау – әр отбасының, әр азаматтың басты міндеті екенін еске салды.
Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан жастармен де ашық сұқбат форматында кездесу өткізу туралы ұсыныс айтылды. Тәрбие тек сөзбен емес, үлгі-өнеге арқылы берілуі керек дейді ақсақалдар.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ