Ардагер тағдыры - тарих айнасы
Ulytautv 08-май, 12:06 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Әділбек Салықбаев - 1907 жылы бұрынғы Жезқазған ауданында дүниеге келген. Жалынды жастық шағы жарты әлемді шарпыған зұлмат соғыспен тұспа-тұс келген, ол, өзге қатарластары секілді Отанды қорғауға майдан даласына аттанады.
Облыстық кітапханада өткен тағзым кеші Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының алғысөзімен басталды.
Соғыстан аман оралған сарбаз Салықбаев өндірісті өлкенің құрылыс саласына мол еңбек сіңіреді. Шара қатысушылары оның ерлік пен өрлік толы өмір жолына кеңінен тоқталды.
Еске алу кешіне Астанадан арнайы келген майдангердің ұрпақтары – батыр ұлдарын ұмытпаған ұлытаулықтарға алғысын айтты.
Шара соңында жиналғандардың назарына кітапханашылар дайындаған «Майдангер мерейі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Айта кетейік, 1990 жылы Жезқазғанда Әділбек Салықбаевтың атына жеке көше берілген. Иә, ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!!!
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы