Ұлы жеңіс - ел бақыты!

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Өкінішке қарай, Жезқазғанда көзі тірі соғыс ардагері қалмады. Алайда, ортамызда батыр бабаларымыздың ұрпақтары бар. Қалалық кітапханада өткен кездесу кешіне 5 майдангердің балалары арнайы шақырылған.


 

Кадрдан тыс: 1941-1945 жылдар аралығында «Жезқазған, Жезді және Ұлытау әскери комиссариаттары арқылы соғыс даласына 12 мыңға жуық адам алынған. Мағыналы кештің төрінен табылған майдангердің ұрпақтары – Отанды абыроймен қорғаған әкелеріміздің ерлігін мақтан етеміз дейді.


 

Шара барысында соғыс жайындағы әңгімелерден шағын көрініс қойылып, патриоттық рухта әндер шырқалды. Майдангерлердің ұрпақтарына қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі атынан алғыс хаттары табыс етілді.


 

Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов

«ҰЛЫТАУ» телеарнасы

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще