ЕРЛІККЕ ТОЛЫ ӨМІР

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Қалкен Мәкенбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай  «Ардагер алған асулар» атты көрме көптің назарына ұсынылды. Көрмені Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырған.


 

Қалкен Мәкенбаев – 1924 жылы Ақтоғай ауданында дүниеге келген! Жалынды жастық шағы екінші дүниежүзілік соғысқа тұспа-тұс келген Қалкен өзінің ерлік пен өрлікке толы өмір жолы арқасында мұқым Алашқа ортақ ұл атана білді.Көрмеге Қалкен Мәкенбаевтың жеке заттары мен суреттері қойылған. Алдымен қонақтарға көрме таныстырылып, іс-шара дөңгелек үстелмен жалғасты. Шара қатысушылары Қалкен Мәкенбаевтың еселі еңбектеріне тоқталды. Еске алу кешіне еңбек ардагерінің ұрпақтары да арнайы қатысып, шара ұйымдастырушыларына алғыстарын айтты.


 

Іс-шара Қалкен Мәкенбайұлының қызы Алма Қалкенқызына естелік сыйлық тапсырылды. Сонымен қатар жиналғандардың назарына Қалкен Мәкенбаев жайлы бейнефильм ұсынылды.  Соңыннда жиналған қауым ардагер рухына арнап құран бағыштады.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще