ЕРЛІК ЕСТЕН КЕТПЕЙДІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Шара биыл Жеңістің 80 жылдығына арналды.Мерекелік концертте Т.Қалмағанбетов атындағы филормония әртістері мен қаладағы өнер ұжымдары жауынгерлік әндер мен соғысқа аттанған боздақтарға деген сағыныштан туған әндерді орындады. 


 

Бүгінде жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне,тілі мен мәдениетіне бөлінбейтін ортақ мереке. Арада ондаған жылдар өтсе де қастерлі мейрамның мән-мағынасы өшпек емес. Майдан даласындағы Кеңес жауынгерлерінің мызғамыс достығының жемісіндей болған жеңіс күнінің ұлағаты ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.


 

Сахнада шырқалған әр ән – жүректен шыққан үн, әр қойылым – рух пен ерліктің көрінісі болды. Өнерпаздар тек өнер көрсетіп қоймай, әрбір көрерменге жүрекпен үн қатты. Бұл – Жеңістің рухы сезілген, жүректерді біріктірген шынайы мереке.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще