ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ - 80 ЖЫЛ!
Ulytautv 12-май, 17:25 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Биыл сонау сұрапыл соғыстың аяқталғанына – 80 жыл! Жезқазғанда өткен тағылымды шараға облыс әкімі Дастан Рыспеков, сенатор Советбек Медебаев, шаһар басшылығы мен ақсақалдар алқасы және қала тұрғындары қатысты.
Екінші дүниежүзілік соғысқа Ұлытау өңірінен 16 мыңға жуық азамат қатысып, оның 10 мыңнан астамы елге оралмаған. Өкінішке қарай, бүгінде біздің аймақта көзі тірі соғыс ардагері қалмады.
Шара барысында майдан даласындағы жауынгерлердің өмірін бейнелейтін шағын көрініс көрсетіліп, жиналғандарға әскери асхана ұйымдастырылды. Отан үшін отқа түскен боздақтар алаңына гүл шоқтары қойылды.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы