РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА
Ulytautv 15-май, 13:09 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы жалғасуда. Оның мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейту.Апталық аясында еліміздің барлық өңірлерінде түрлі іс-шаралар өтуде. Бұл бастама ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйытқы болуымен жүзеге асырылуда. Оған мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар да атсалысуда.Жезқазған қаласында да бірқатар дәрістер, семинарлар, мамандардың кеңестері мен ақпараттық акциялар ұйымдастырылуда.
Тахир СУЛТАНОВ уролог дәрігері
Ер адамдар жыл сайын міндетті түрде медициналық тексерістен өтуі тиіс. Әсіресе 40 жастан асқан азаматтар урологқа қаралып, УЗИ өтіп, қажет талдамаларды тапсырғаны жөн. Бұл ауруларды ерте анықтап, дер кезінде ем жүргізуге мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, көпшілік тек ауру асқынып кеткен кезде ғана дәрігерге жүгінеді. Ал кейбірі мүлде тексерілмейді де.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ