ҰЛЫТАУЛЫҚ ШАБАНДОЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Ulytautv 19-май, 12:10 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
500 шақырымдық аламанға Қырғызстан, Венгрия, Иран, Ресей мен Оңтүстік Африка Республикасынан келген шабандоздарды қоса алғанда, 19 команда қатысты. Аса ауыр әрі төзімділікті талап еткен бәйгенің мәресіне тек бес команда ғана жете алды. Ұлытаулық сайыскерлер барлық қиындыққа қарамастан 32 сағат 33 минут ішінде қашықтықты еңсеріп, үшінші болып мәре сызығын кесті.
Халықаралық «Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесі алғаш рет 2022 жылы бастау алды. Ұлан-ғайыр атырапты айлап-апталап атпен жүріп өткен бабалар жорығын қайтқа жаңғыртқан жоба- Ұлытау облысының аумағында 2023 жылы өткен болатын. Қай елдің жеңетіні емес, қазақ жылқысының мықтылығын жер-жаһанға паш ету маңыздырақ болды дейді Ұлытау облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы.
«Ұлы Дала жорығындағы» шабандоздарымыздың жеңісі – жай ғана спорттық жетістік емес. Олар ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы спорттың маңызын айқындап, елдің мәдени және тарихи мұрасын сақтаудағы рөлін көрсетті.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ